Сеул корейаралық әскери келіссөздерге келіседі және денуклеаризация проблемасын талқылауға әзір
08:57, 21 Қаңтар 2011
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея жоғары деңгейде корейаралық әскери келіссөздер өткізуге қарсы емес және ол кездесулерге әзірлік жүргізу мақсатында жұмыс бабындағы келіссөздер өткізуге келіседі.
Бұл туралы бейсенбі күні Корея Республикасының үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Ресми Сеул сондай-ақ Корей түбегін денуклеаризациялау проблемаларын талқылау үшін жоғары деңгейде екіжақты үкіметаралық келіссөздер өткізу туралы Солтүстік Кореяның ұсынысын қабылдап отыр, деп хабарлады оңтүстіккореялық үкімет өкілі.
Сеулдегілер, Пхеньянның бұл бастамалары, АҚШ Президенті Барак Обама мен Қытай Төрағасы Ли Цзиньтаоның Вашингтондағы саммитінен кейін, жасалып отырғанына назар аударуда. Б.Обама мен Ху Цзиньтао, Солтүстікті арандатуды және оның ядролық қару жасау бағдарламасын тоқтату мақсатында, қос Кореяны диалогты жандандыруға үндеген болатын.