Сеул метросында пойыздар соқтығысып, 170 адам жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сеул метросындағы пойыздар апатынан зардап шеккендер саны 170 адамға жетті, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Екі пойыз Сеул метросы стансасына таяу маңда соқтығысқан. Апат салдарынан бір пойыз рельстен шығып кеткен. Жолаушыларға стансаға дейін жаяу баруға тура келді.

Құтқару қызметі өкілінің сөзіне қарағанда, көптеген жолаушылар пойыздан рельске секірген кезде жарақаттанған.