- Басқарма 31-і күні Юн Сок Елды қамауға алу және тінту жүргізуге ордер берілгенін растайды, - деп хабарлады ведомстводан.
Алайда онда кейінгі әрекеттер туралы шешім қабылданбағанын қосты.
- Одан әрі кесте анықталған жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.
Yonhap ақпарат агенттігі басқарманың «ордерді жақын арада пайдаланады» деп шамалап отыр. Бұл - ел тарихында қазіргі президентті қамауға алу ордері шығарылған алғашқы жағдай. Юн Сок Ёлдың өкілеттігі Конституциялық сот шешімі шыққанға дейін тоқтатылды.
30 желтоқсанда Біріккен тергеу тобы Юн Сок Ёлды тұтқындауға ордер беру үшін Сеулдегі сотқа жүгінді. Біріккен тергеу тобының құрамына президенттің әскери жағдайды енгізуіне қатысты мән-жайды зерттеп жатқан басқарма, полиция және қорғаныс министрлігінің өкілдері бар.