«Оңтүстік Кореядағы Қазақстандық диаспораның өкілдері зардап шеккен Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетіп, «Арыспен біргеміз!» «Арысь, мы с вами!» «Еліме амандық, жұртыма тыныштық!» жазулары бар плакаттар, жалаулар мен үндеулер дайындады. Сонымен қатар, Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерімен бірге Арыстағы зардап шеккен отбасылар үшін ерікті түрде ақшалай қаражат жинау ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.
Аталған акция азаматтардың жағымды көңіл-күйін және олардың төтенше жағдайлар алдындағы ұйымшылдығын көрсетті.