Қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды.
Ел президенті Юн Сок Ёль бірнеше мәрте шұғыл жиналыс өткізді. Ол зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ Итхэвонға жедел медициналық көмек мамандарын аттандыруды, шұғыл көмек көрсетілетін төсек-орындар дайындауды жүктеді.
Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған.
Айта кетейік, алғашында оқиға салдарынан 50 адамның зардап шеккені туралы ғана хабарланды. Кейін 2 адам қаза болып, 23-і жарақат алғаны айтылды. Одан әрі 59 адам көз жұмғаны және 150-ден астамы жарақаттанғаны жазылды.