Сонг сәрсенбіде өтетін президенттік сайлау қарсаңында Сеулдің Синчон ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол шақта әлгі қарт адам артынан келіп, қара пластик пакетке оралған балғамен басынан бірнеше рет ұрған.
«Басынан қан аққан Сонг жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ДП өкілдері.
Оқиға болған жерде жүрген адамдар шабуыл жасаған қартты бірден ұстап, полицияға жеткізген.
Полиция күдіктінің сайлау бойынша заңнаманы бұзғандығы және дене жарақатын салғандығы үшін жауап беріп жатқандығын мәлімдеді.