Жергілікті билік қала тұрғындарының осал топтарына қолдау көрсету және тамыз айына болжанған аптап ыстықтан зиян келуінің алдын алуға күш салуды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын салқындату шығындарына қосымша 735 млн вон бөлінеді, себебі электр қуаты құнының құбылуына байланысты оларға салмақ түсуі мүмкін. Атап айтқанда, 760 әлеуметтік мекемеге қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін «түнгі паналау орны» көбейеді. Бұрын мұндай орынды 20 күн бойы пайдалануға болатын, ал тамыз айынан бастап, егер бос орын болса, шектеусіз пайдаланылады. Онда шомылу мен ұйықтауға мүмкіндік бар.
Қазіргі кезде Намбанг кентінде тұмандатқыш орнатылған. Тұман тамшылары қоршаған ортаның температурасын 3-5 градусқа төмендетеді. Сондай-ақ, кейбір үйлерге жылжымалы салқындатқыштар орнатылады.
Ыстық маусымда 51 жедел жәрдем бригадасы тұрғылықты жері жоқ адамдап көп жүретін аудандарды күніне кемінде төрт рет патрульдейді. Олар адамдарға бөтелкедегі су мен басқа да бірінші кезекте керек заттарды таратып, қажеттілік туындаған жағдайда медициналық қызметтермен байланыстырады.