Сеулдегі Хэллоуин мерекесінде көз жұмғандар саны 158 адамға жетті
12:25, 14 Қараша 2022
СЕУЛ. Yonhap - ҚазАқпарат – Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кешінде көз жұмғандар саны өсіп, 158 адамға жетті. Одан бөлек 196 адам зардап шеккті. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін 157 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Оңтүстік Корея тарихындағы қаралы оқиғалардың бірі Сеулдың Итхэвон ауданында 29-30 қазанға қараған түні болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар арасында 102 әйел мен 56 ер адам бар.