KBS телеарнасының дерегі бойынша, жарылыс жергілікті уақытпен таңғы сағат 08:41-де Ким есімді университет профессоры белгісіз біреу кабинетінің есігіне іліп кеткен қорапты ашқан кезде болған. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Алынған жарақаттар зардап шегушінің өміріне қауіп келтіріп жатқан жоқ.
Оқиға орнына полицей арнайы жасағы келді. Тергеушілер оқиғаның себебін анықтауда.