Бұл туралы Kyodo агенттігінен хабарлады.
Оның мәліметтерінше, оқиға маңында болған адамдар отты өшіре алды, алайда жасы 80-ге жетіп қалған қарттың тұла бойын күйік шалды. Ол ауруханаға жеткізілді, есін жиғаны немесе жимағаны туралы хабарланбауда. Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам осылайша өзін-өзі өлтірмек болған.
Бүгін Сеулдегі жапон дипмиссиясының қасында 2 мыңға жуық адам Жапония үкіметінен император әскерінің Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жасаған әрекеттері үшін кешірім сұрау талабымен наразылық шарасын өткізді.