Алматы әуежайының мәліметінше, 6 мамыр сағат 12:48-де мегаполистің халықаралық әуежайына Сеул – Цюрих бағыты бойынша ұшып бара жатқан Swiss әуекомпаниясының Airbus A350 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болған.
– Қонуға себеп – екінші ұшқыштың денсаулығының күрт нашарлауы. Ұшақ қонған сәтте оны әуежайдың медициналық қызметі күтіп алды. Мамандар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін бекітілген тәртіпке сәйкес науқасты келген қалалық жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - деп хабарлады әуе айлағынан.
Қажетті тексеруден өту және әрі қарай ем алу үшін екінші ұшқыш №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.
Еске салайық, елімізде домбыраны ұшақ бортында алып жүруге рұқсат етілді.