16 сәуірде басталған суасты іздеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды. «Желдің күштілігі салдарынан туындаған толқын баржа палубасын қайта-қайта басып кетіп отыр. Соның салдарынан сүңгуірлердің суға түсуі өте қиынға соғуда. Түстен кейін толқын күшейе түседі», - деді жедел штаб өкілі. Ауа райының қолайсыздығы дүйсенбіге дейін жалғасатындығы болжануда.
Естеріңізге сала кетейік, бортында 476 жолаушысы бар паром Оңтүстік Кореяның жағалауында айналдырған екі сағаттың ішінде аударылып, суға батып кеткен. Олардың ішінде негізінен оқушылар мен мұғалімдер болған.