Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с күшейеді, солтүстікте сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, 18-20 м/с екпінде соққан желдің екпіні, күндіз Жарма ауданында 25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жаяу бұрқасынмен бірге 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл күндіз және таңертен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда, түнде және таңертен Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болжанады.