Сейсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 шілдеде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпара Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Циклонның жәнесонымен бірге фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басымбөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, республиканың кей жерлерінде найзағайлыжаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік батысыңда күн ашық. Кейжерлерде жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертеңтұман күтіледі», делінген ауа райы болжамында.

СолтүстікҚазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл, жел 15-20 м/скүшейеді, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлеріндебұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Жамбыл,Павлодар, Түркістан, Қостанай, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарының кейжерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде шаңдыдауыл, Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстаноблысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, кей жерлерде бұршақжаууы ықтимал.

Маңғыстау облысыныңкей жерлерінде шаңды дауыл, кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматыоблысыныңда, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарыныңкей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.