Қарағанды облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде. Қостанай облысында - бұрқасын, түнде және таңертең тұман болып, жел (15-20 м/с) тұрады. Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-өа дейін барады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кейбір жерлерінде жаяу бұрқасынды жел (15-20 м/с) соғады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, жел (15-20 м/с) тұрады. Жамбыл, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с дейін соғуы күтілуде. Батыс Қазақстанның кейбір жерлерінде тұман болады.