Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.
Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с екпінмен соғатын желге шаңды дауыл араласады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұманды болады.
Шығыс Қазақстан облысының басым аумағында, Қарағанды, Ақтөбе Алматы, Павлодар, Ақмола және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде 0-5 градусқа дейін күн суытады.
Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында топырақ бетінде 0-2 градус қатқақ болады.