Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Алматы облысының бірқатар аймаөтарында жел күшейеді, көктайғақ болып, тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с болып, боран соғады. Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда, күндіз Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с екпінмен соғады.