Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қостанай, Жамбыл, түнде Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысының жекелеген аудандарында шаңды дауыл көтеріледі.