Сейсенбі күні республиканың кей аймақтарында жауын-шашын сақталады - Қазгидромет

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр найзағаймен, бұршақ, екпінді жел сақталады. Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз бұршақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз ыстық ауа райы күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады