Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.