Сейсенбіде ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 27 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Еліміздің қиыр солтүстігінде аздаған қар жауады.

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.