Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады- Қазгидромет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалындаболғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек Қазақстанның батысында,солтүстік-батысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерлердежаңбырмен бірге найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының күндізкей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Қарағандаоблыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кейжерлерінде шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, кей жерлерде Ақмола,Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай Солтүстік Қазақстан облыстарындақатты ыстық күтіледі. Қарағанда облысының кей жерлерінде оте қатты ыстықкүтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, кей жерлерде Жамбыл,Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде жоғарыөрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар