Астана (түнде), Ақтау, Атырау, Қарағанды қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Қостанай қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.
ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.