Ведомствоның ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдай Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, жаңа Бұқтырма, Риддер, Өскемен, Шымкент қалаларында байқалады.
Қостанай, Қызылорда, Ақсай, Орал қалаларында метеожағдай атмосферада ластаушы заттардың таралуына ықпал етеді.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (дымық, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі.
09:17, 30 Қаңтар 2018
Сейсенбіде Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 30 қаңтардағы метеорологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанның 13 қаласында атмосфераның ластануы байқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидрометке» сілтеме жасап.