Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, желдің күшеюі күтіледі. Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман болып, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с күшеюі сақталады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады.
Қызылорда, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.