Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысында мәлім етті.
Өз сөзінде Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне аталған бағдарламаның кем-кетігін жөндеуді, ал облыс басшыларына халықты еңбекпен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстары мен ескертпелерін енгізуді жүктеді.
«Сейсебі күні бізде тағы да Үкімет отырысы болып, селекторлық форматта өтеді. Құрылыспен байланысты мәселелерді талқылаймыз. Өмірзақ Естайұлы, қадағалаңыз, Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігі, Қаржы министрлігі дайындалсын», - деді К.Мәсімов.
Үкімет басшысының атап өтуінше, облыс басшыларына алдын ала ақпараттар жіберілмек және олар сол ақпараттарға сәйкес арнайы баяндама жасайтын болады.