«Жақында Қазақстан мен Сейшел аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында мемлекет ішіндегі рәсімдер аяқталғаннан кейін, визасыз тәртіп күшіне енеді. Екі елдің азаматтары бір-біріне 30 күнге дейін визасыз бара алады», - деді А. Смадияров апталық баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда аталған келісім бойынша тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатқанын және жақын арада аяқталатынын айтты.
«Ал Бангладешпен арадағы келісім (визасыз режим туралы) дипломатиялық және қызметтік төлқұжатты ұстап жүрген адамдарға арналған. Алдағы уақытта осы елмен басқа да паспорт түрлеріне визасыз режим енгізуге тырысамыз», - деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан 30-дан астам мемлекетпен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөзді жалғастырып жатыр.
17:35, 25 Қыркүйек 2023
Сейшел аралдарына қатысты визасыз режим жақында күшіне енуі мүмкін
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жақында Сейшел аралдарына визасыз бару режимі күшіне енуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.