«Сейсмология институты» 2012 жылға жер сілкіністерінің орташамерзімді болжамын жасады

None
АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - «Сейсмология институты» ЖШС 2012 жылға жер сілкіністерінің орташамерзімді болжамын жасады

Бұл туралы институттың директоры Таңатқан Абақанов мәлім етті, деп хабарлады үстіміздегі жылдың 1 наурызында өткен «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«Т. Абақанов атап өткендей, әлемдік тәжірибеде мақұлданған және Алматы сейсмоқауіпті өңірінің жер қабатының сейсмотектоникалық және геологиялық-геофизикалық жағдайлар үшін бейімделген болжам жасау модельдері мен әдістерін қолдана отырып жасалған егжей-тегжейлі талдаудың негізінде, 2012 жылға арналған орташамерзімді болжам жасалды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, 0,7 ықтималдылығымен Мs>5,5 магнитудасымен (МSK - 64 бағаны бойынша 7 және одан да жоғары балмен) қатты жер сілкінісі болмайды. Дегенмен, қуаты аз жер сілкіністері (Мs<4-5 бағаны бойынша  I=4-6 балл қуатымен) Талдықорған қаласының аудандарында және Жаркент стансысында, Алтын Емел жотасының тау тарамдарында, Алматы қаласының оңтүстік-шығысына және Қаспек кентінің оңтүстік-батысына қарай болуы мүмкін.

Аталмыш қорытынды 2012 жылы 25 қаңтар күні ҚР ТЖМ жанындағы жер сілкіністерін болжау бойынша ведомствоаралық комиссияның мәжілісінде қаралып, мақұлданды және 2012 жылдың шілде айында нақтыланатын болады.