Бақылау көрсеткендей, егер Жер өз осінен айналу жылдамдығы ішкі себептерге байланысты азайса, жер сілкінісі жиі болады.
Билхамның айтуынша, XX ғасыр жер сілкіністері саны бойынша орташа деңгейден асқан осындай бес кезеңді бастан кешкен. Сондай-ақ ғалым бұл кезеңдерде жылына 25-30 қуатты жерасты дүмпулері, ал қалған уақытта 15 ірі зілзала болғандығын мәлімдеді, деп жазады Guardian басылымы.
Айта кетсек, геофизик Geophysical Research letters журналында жариялаған өз тұжырымын Америка геологиялық қоғамы конференциясында ортаға салған.