Сейсмологтер Алматыдан 252 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді
02:54, 01 Ақпан 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН және И» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 1 ақпан күні сағат 01:21-де жер сілкінісін (афтершок) тіркеді.
- Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. Магнитудасы - MPV 4.6.
Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ, - делінген Алматы қаласы бойынша кезекші оператордың хабарламасында.