Сейсмологтер Алматыдан 379 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді

Фото: oxu.az

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның ұлттық орталығы Астана уақытымен сағат 06:27-де жер сілкінісін тіркеді.

Жедел мәліметтерге қарағанда, зілзала Қарғызстан аумағында болған.

Зілзаланың ошағының бағыты 42,46 солтүстік ендікте, 72,44 градус шығыс бойлықта жатыр.

Магнитудасы mb=4.6, энергетикалық санаты K=9.9.

Осыған дейін Астана уақыты бойынша сағат 12:58-де Қырғызстан аумағында жер сілкінгенін хабарладық.