Сейсможаттығу: алматылықтардың ұялы телефондарына шұғыл хабарлама келді

Фото: Фото: Pixabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда сағат 11:00–де сирена дыбыстары іске қосылды.

Қала тұрғындары жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізу туралы шұғыл хабарлама алды. Оның ішінде сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары іске қосылды, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберілді.

Фото: Kazinform

Алматы қаласы ТЖД мәліметіне сәйкес, мегаполис 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азамат төтенше жағдай кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға дайын болуы керек.

Атап айтқанда:

— Жер дүмпуі бола қалған жағдайда отбасы мүшелерімен кездесетін орынды алдын ала анықтау қажет.
— Жер сілкінісі аяқталғанын күту үшін пәтер не үйдегі ең қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтау қажет.

— Ғимараттан эвакуациялаудың ең қысқа жолын анықтап, біліп жүру керек.

Еске салайық, 28 сәуірден бастап теле-радиоарналарда жоспарлы жаттығу туралы бейнероликтер мен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар көрсетілді.