Қазіргі кезде халық қалаулыларына жасалған шабуылдың егжей-тегжейі тергелуде. Наразы топ парламентті өзін-өзі таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етуде. Атап өтейік, жақында парламент өзінің өкілеттілігін ұзартып, сайлауды кейінгі мерзімге қалдырғаннан кейін, барша Ливия бойынша наразылық шеруі басталды.
18:51, 03 Наурыз 2014
Шабуыл салдарынан екі депутат жарақат алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Триполиде наразылық білдіруші топ Ливия парламенті ғимаратына басып кіріп, осының салдарынан Бас ұлттық конгрестің екі депутаты оқтан жарақат алды.