Қытайлық биліктің хабарлауынша, осындай бөлімшелерді күшейтуге лаңкестікпен күрес саласында ағымдағы күрделі ахуал себеп болды.
Әр шолғыншы машинаның экипажы 9 полицейден және төрт көмекшіден тұрады екен.
2014 жылдың наурызында Куньмин қаласының вокзалында қаруланған топтың басып алуынан 29 адам қаза тауып, 143-і жарақаттанды.
30 сәуірде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің орталығы - Үрімжі қаласының теміржол вокзалында орын алған лаңкестік нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 79 адам жараланды,
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласының темір жол вокзалында суық қарумен қаруланған белгісіз адамдардың шабуылынан алты адам жараланды.