Бұның алдында айтылғанындай, Италия, Испания, Польша, Франция, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің өкілдерінен құралған қазылар алқасы «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаттары мен дипломанттарын анықтады.
«Әдебиет» аталымында бас жүлдені Азамат Тасқара (Астана) иеленді. «Халық әндері» аталымында жеңіске Анастасия Кильбюшкина (Ресей) жетті. «Журналистика» аталымында «Эра» телеарнасының тілшісі Максим Рожин (Астана), «Бейнелеу өнері» аталымында Бейбіт Асемқұл (Астана), «Хореография» аталымында Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының «Шалқыма» би ансамблі, «Эстрада вокалы» аталымында Гүлсім Мырзабекова (Қарағанды), «Жеке ән салу» аталымы бойынша Жәмилә Жарқымбаева, «Камералық ансамбль» аталымында «Феруз» ішекті квартеті (Ташкент) жеңіп алды.
Барлық қатысушылар естелік дипломдарымен марапатталды. Ал бірқатар өнерпаздар қазылар алқасының шешімімен фестивальдің арнайы сыйлықтарына ие болды.
Бір аптаға созылған өнер өрендерінің байқауына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Якутия, Қазан, Беларус және басқа да шет мемлекеттерінен 600-ден астам үміткер қатысқан болатын.