Оның айтуынша, желіде тараған резонансты видеодан кейін «Рахат» компаниясының шоколадының құрамын тексеру үшін сараптама жасалды.
— Май немесе қант мөлшері бойынша стандарттан ешқандай ауытқулар анықталған жоқ. Өндірістегі талаптар сақталған, — деді Азат Сұлтанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанда кондитерлік өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды.
ЕАЭО келісіміне сәйкес, таңбалауға кондитерлік өнімдердің негізгі санаттары жатады. Олардың қатарында қантты кондитерлік өнімдер, шоколад және шоколад өнімдері, печенье, вафли, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, мармелад, джемдер, жеміс және жаңғақ пасталары, сондай-ақ өнімнің басқа да түрлері бар.