Шағын несие қай салада көп беріледі
АСТАНА.KAZINFORM - Микроқаржыландыру микро және шағын бизнестің өсуін қолдайтын және ынталандыратын қаржы инфрақұрылымының маңызды элементіне айналып келеді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Агенттік мәліметінше, шағын несиелердің 49%-ы ШОБ және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға беріледі, шағын несиелердің 17%-ы өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы ресурсты көп қажет ететін жобаларға, ірі бизнеске берілген.
Берілген шағын несиелердің ең көп үлесі ауыл шаруашылығы (31,1%), қызмет көрсету (23,9%), электр энергиясын өндіру (16,3%), өнеркәсіп (12,3%) және сауда (10%) салаларына тиесілі.
Өңірлік бөліністе өнеркәсіп және энергиямен жабдықтау секторларында Павлодар (19%) және Қостанай облыстарында (11%) микрокредит беру басым. Бұдан әрі шағын несиелер көлемі бойынша Алматы (16%), Астана (7%), Шымкент (6%), Түркістан (10%) және Ақмола (5%) облыстарынан негізінен сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы секторларында бөлінеді.
Агенттік бұл несиелеу субъектілері неғұрлым тәуекелді болып көрінетін экономика салаларында қызметті жүзеге асыратынына қарамастан, микроқаржы ұйымдары мен несиелік серіктестіктердің бизнес мақсаттарға арналған кредиттік портфеліндегі мерзімі өткен берешектің үлесі 90 күннен астам төмен деңгейде қалып отырғанын (3,4%) атап өтті.
Қорландыру көздерін кеңейту мақсатында МҚҰ және КС облигациялар эмитенттеріне қойылатын бағалы қағаздар нарығына рұқсат беру бойынша листингтік талаптар жеңілдетілді.
Бұған дейін біз Қазақстанда кредит пен шағын несиенің пайыздық ставкасы төмендейтіні туралы жаздық.