«Келер жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болады. Жалпы бұл сома шекті болып саналады. Яғни, жұмыс берушілер қызметкеріне осыдан төмен айлық төлемеуі тиіс. Сондықтан біз бұл мөлшерді ең төменгі стандарт деп қабылдауымыз керек. Ол барлық қазақстандық 85 мың теңгеге өмір сүріп жатыр дегенді білдірмейді. Ал Қазақстанда ең төменді жалақыны 300 мың теңге етіп белгілесек, әрине жақсы болар еді. Дегенмен біз шағын және орта бизнес жайлы да ойлауымыз керек. Атап айтқанда олар 300 мың теңгеден төмен айлық төлемеуі керек және бұған қоса әлеуметтік төлемдер жасайды. Сондықтан ол кәсіпкерлерге ауыр тиеді. Бұл ретте 85 мың теңге қызметкердің қандай да бір біліктілік талабына қарамастан төленетінін айта кету керек», - деп түсіндірді Светлана Жақыпова БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ринат Заитов ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек деген ұсыныс айтқан еді.
Кейін бұған қатысты Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова да пікір білдірді.
1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңге дейін көтеруді тапсырған еді.