Шағын бизнес жұмыссыздыққа қарсы күресуде - Оңтүстік Қазақстан облысы
13:42, 26 Қаңтар 2009
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Кентауда өткен жылы жұмыс орындары 125 орынға көбейді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жұмыс орындарын қала тұрғындарына 2008 жылы тіркелген шағын бизнестің жаңа субъектілері беріп отыр. Олардың жартысынан астамы құрылыспен және құрылыс материалдарын шығарумен байланысты. Мамандар бұл жайтты жергілікті экономиканың бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысына шамалары келгенше қарсы тұра алатындығын көрсететін оң мәселе деп бағалап отыр. Себебі, қазіргідей жағдайда құрылыс индустриясы ең осал сала болып отырғанына куәміз. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында өндіріс көлемінің өсіп отырғаны да көңіл қуантады. Олар былтыр 2 миллиард 58 миллион теңгенің тауарларын өндіріп, қызметтерін көрсеткен. Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 24 пайызға жоғары. Нәтижесінде, бюджетке түскен салықтар да артып отыр, дейді мамандар.