Шағын электр стансасында жұмыс істеп жатқан «Астана РЭК» АҚ-ның электр жөндеушісі тоққа ұрынды

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Астанада Республика даңғылы бойында орналасқан №28 және 30 үйлердің арасында 10-0,4 кВ № 322 шағын электр стансасында жөндеу жұмыстарын атқару кезінде «Астана РЭК» АҚ-ның 27 жастағы электр жөндеушісін тоқ соғып, ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.