Шағын футбол ардагерлері ШҚО Біріншілігінің шешуші ойындарын өткізуде

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған ардагерлер арасындағы шағын футбол ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Восток» стадионында өтіп жатқан ардагерлер арасындағы жарысқа 9 команда қатысуда. Шағын футбол ойындары екі айналым бойынша жүргізілуде. Алдағы демалыстарда «Имсталькон» - «Машзавод» командалары арасында бірінші айналымның шешуші кездесуі өтпек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі таңда «Имсталькон» командасы алда келе жатыр.

Айта кету керек, 2008-2010 жылғы балалар арасында «Алтай» Кубогына» жарыс 17 маусымға жоспарланып отыр. Айтулы шараға 10 команда қатысады.