деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ойын "Қайрат" спорт кешенінде болады. Клуб директоры Дамир Балтабаевтың айтуынша, бұл алдын ала жоспарланған жолдастық кездесу қарашаның 26-сы мен 28-і күндері өтеді.
"Қайрат" футбол клубы Қазақстан чемпионатының - 5 дүркін, Қазақстан кубогының 7 дүркін чемпионы және УЕФА кубогының қола жүлдегері. Сеньор Барбозадан тәлім алған алматылық футболшылар бұған дейін де Өзбекстан құрамасымен түрлі деңгейдегі жарыстарда бірнеше рет кездесіп, ел мерейін үстем еткен болатын. Ал Өзбекстан құрамасын бұл маусымда бразилиялық Сержио Сапо жаттықтыруда. Олар қараша айының басында Вьетнамда жабық кешенде өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.