Шағын футболдан "Тұлпар" клубы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

None
АЛМАТЫ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Қарағандының "Жастар" спорт кешенінде шағын футболдан Қазақстан кубогының ақтық финалдық ойындары өтті.

Онда алаң қожайындары Алматының "БТА-футзал" командасын 6:2 есебімен ұтып, 3-рет ел кубогының жеңімпазы атанды. Олар сейсенбі күні жартылай финалда Алматының "Қайратын" 3:1 есебімен ұтқан болатын. Ал қола жүлде үшін болған кездесуде "Қайрат" Астананың "Ұшқын-Искра" командасынан басым түсті. Бұған дейін 2010 жылы "Тұлпар", ал 2009 жылы "Қайрат" ел кубогын иеленген болатын.