Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.
«Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында бизнесті микрокредиттеудің жаңа бағыты басталды. Осы бағыт шеңберінде айналым қаражатына 5 млн-ға дейін және инвестициялық мақсаттарға 20 млн-ға дейін кредиттер беріледі», - дей келе, министр 5 млн теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде беріліп жатқанын атады.
Әсет Ерғалиев жылдық мөлшерлемесі 6% болатын мұндай бюджеттік микрокредиттер «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қалаларда да, ауылдарда да беріліп жатқанын еске салды.
«Екінші жартыжылдықта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіру іске қосылады. Бұл микрокредиттер «Бастау-Бизнес» түлектеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы құратын Микроқаржы ұйымы арқылы берілетін болады. Жыл қорытындысы бойынша аталған бағдарламалар шеңберінде 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеумен қамту жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.