Шахандағы қазандық жарылуы бойынша үй комитеті төрағасына қатысты сот отырысы басталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысы Шахан ауылындағы жылу қазандығының жарылуы және сапасыз қызмет көрсетілуі салдарынан, абайсыздықтан №4 үйдің 9 тұрғынының қазасына кінәлі деп танылған үй комитетінің төрағасы сот залында жауапқа тартылды,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мұрат Сүлейменовке қатысты екі бап бойынша - ҚК-нің 104-бабы 2-бөлімі «Абайсызда өлтіріп алу» және ҚК-нің 306-бабы 3-бөлімінде қарастырылған «Қауіпсіздік талаптарына сай емес жұмыс істеу немесе қызмет көрсету» бойынша іс қозғалды.

«Судья болып Әлия Садықова тағайындалды. Сотталушы Сүлейменов «кепіл» бұлтартпау шарасымен әзірге бостандықта», - делінген Шахан қалалық соты кеңсесінің хабарламасында.

Сот барысында Қарағанды облысы ТЖ департаменті басшысының орынбасары Вадим Магадамов та тергеуге алынды. Оны күзетші айдауымен  Қарағанды тергеу изоляторынан сотқа куәгер ретінде қатысуға алдыртты.

Биылғы жылдың қаңтар айында болған қайғылы жағдай кезіндегі құтқару жұмыстарына ол басшылық еткен. Қазір азаматтық қорғаныс полковнигі пара алғандығы туралы қылмыстық іспен тергеу-қамауына алынған.

Сонымен қатар, сот әкімдіктің сотталған  бес қызметкерін де тергеуге алынды. Олар куәгер ретінде қайғылы оқиғаның орын алмасы үшін үй комитетінің төрағасы атқаруы тиіс істерді атады.