«2017 жылғы республикалық бюджетті бөлу барысында Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі жылу желілері қазандығының құрылысына 1,2 млрд теңге бөлінді», - деп түсіндірді ол.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 қаңтарда кешкі 22:40-та Қарағанды облысы Шахан елді мекенінде бес қабатты үйдің жертөлесіндегі жылу қазандығы жарылды. Салдарынан төртінші кіреберіс қирады. 9 адам мерт болып , екі адам - 32 жастағы Александр Галышев пен 11 жасар Елена Васильева жараланды.
Бұған дейін әкімдік, энергетика басқармасы және ТЖ департаменті қызметкерлерінің Қарағанды облысындағы жеке қазандығы бар үйлерге кешенді тексеріс жүргізгені хабарланған еді. Бұл жұмыс бір айға созылып, 31 қаңтар күні аяқталды. Автономды жылыту жүйесі бар 688 нысан анықталды, олар - тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелер. Жылыту маусымы аяқталған соң, азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық қазандықтар ғимараттардан тыс жерге шығарылады.