Шахандағы қираған үйде екі бала таңқаларлық жағдайда аман қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Шахандағы құтқарушылар мен тұрғындардың азаматтық позицияларын  жоғары бағалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА тілшісі.

«Алғашқы құтқарушылар апат болған жерге оқиға жайлы хабарланғаннан кейін  4 минуттан кейін жетті. Қалыптасқан жағдай кезінде біздің қызмет жедел жұмыс істеді - ТЖ, денсаулық сақтау органдары, ішкі істер және өзгелер. Осы кезеңде тиісті нормада жұмыстар атқарылды.

Әсіресе, тұрғындардың белсенділігін атап өткім келеді.  Оқиға орнында жұмыс істеген манипулятор тұрғындардың бастамасы болды, өзге де техникалар жұмыс істеді. Бұл өте жақсы азаматтық позиция екендігін атап өту керек»,-деді Н. Әбдібеков Шахандағы ТЖ бойынша жедел штаб отырысында.

Өңір басшысы өздерінің бастамасымен іздеу-құтқару жұмыстарын атқарған техника иелеріне өтемақы төлеу мәселесін шешуді тапсырды.

 

Белгілі болғандай, үшінші қабатта марқұм болған Андроповтар жанұясындағы 10 жасар бала мен 7 жасар қыздың құтқарылғаны анықталды. Балалардың  көмек шақырған даусын өтіп бара жатқандар естіп, оларды үйінді астынан шығарып алған.

Артем Шаханға туыстарының үйіне қонаққа келген. Оның әкесі күйеуімен және 8 жасар қызымен бірге қаза тапқан Ольга Андропованың немере ағасы.  Отбасында 7 жасар Полина аман қалды. Ол немере ағасы Артеммен бірге бір бөлмеде болған. Қыздың әжесі қамқоршылыққа құжат толтыратын болады.

Бұдан бұрын құтқарушылар үйінді астынан 32 жастағы ер адамды аман-есен шығарғандығы хабарланған болатын.