Шахтинск сотының хабарлауынша, Қарағанды облыстық прокуратурасы екінші басқармасының процессуалдық прокуроры сотқа жүгінді.
Прокурор Ерзат Мусеев өзінің өтінішінде көрсеткендей, айыпталушы шенеуніктер Шахтинск әкімдігі мен Шахан кентінің әкімдігінде лауазымды қызметтерін жалғастырып жатыр және бұл сот тыңдалымы барысында оларға қарсы дәлелдемелерді бағалау кезінде соттың әділеттік танытуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Қылмыстық істер алқасының бұл өтінішті орындауы немесе одан бас тартуы - өз құқығында», - деп хабарлады Шахтинск қалалық сотының кеңсесі.