Шахбаз Шариф: Қол қойылған құжаттар Қазақстан–Пәкістан байланысына жаңа серпін береді
ИСЛАМАБАД. KAZINFORM — Шахбаз Шариф Пәкістан Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Бүгінгі табысты келіссөздер нақты нәтижелерге ұласып, қол қойылған құжаттар екіжақты байланыстарды дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін. Екі ел арасындағы серіктестікті нығайта отырып, сауда, мәдениет, білім беру және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастықта жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деп есептеймін. Жоғары мәртебелі Президент мырза, Сізге Пәкістан мен Қазақстан қарым-қатынасын одан әрі арттыруға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын, — деді Пәкістан Премьер-министрі.
Бұдан бұрын Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойды.