Сексен жеті елдің шахматшылары жиналған бәсекеге елімізден 25 спортшы қатысты. Ең жас ойыншы Бибісара Асаубаева мен Динара Сәдуақасова турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұдан бөлек, 16 жасқа дейінгілер арасында сынға түскен Жанат Сайын, Сәтбек Ахмединова мен 18 жасқа дейінгілер арасында Аяна Ахметованың өнерін ерекше атап өтуге болады.